Құзғынды

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тау

ҚұзғындыСарымсақты жотасының оңтүстігіндегі асу.

Географиялық орны

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Сарытау ауылының солтүстік-шығысында 38 км жерде орналасқан.

Жер бедері

Абсолюттік биіктігі 2600 м-ден жоғары. Асудан шілде–қыркүйек айларында салт атты адам өте алады. Құзғындыдан Аша, Становая өзендері бастау алады. Кең өзен аңғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай біртіндеп тар аңғар, құлама беткейлі шатқалдар, қырлы жоталар мен жалдарға ұласады. Тау баурайында қуаңдала өсімдіктері өседі. Бөктерінде сирек орман ағаштары кездеседі. <ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер