Құдайберген Байетұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құдайберген Байетұлы (18201887) – батыр, Қоқан хандығына қарсы соғыста (1864) ерлік көрсеткен мыңбасы.

Дулат тайпасының Сиқым руынан. Орыс патша әскерінің майоры. Ақмолда батырмен бірге Қоқан хандығының езгісіне қарсы күрес ұйымдастырған. Байетұлы 1864 жылы маусымда өз сарбаздарымен Әулие Атадағы М.Г. Черняев басқарған орыс әскеріне қосылды. Байетұлы басқарған сарбаздар Қоқан хандығынан Шымкент қаласын азат етуге қатысты. Ол Меркі – Шымкент арасындағы жол және пошта қатынасын жолға қоюға атсалысты. Байетұлының еңбегі ескеріліп, оған майор атағы (15.10.1864) берілді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}