Қыш-құмыра өндірісі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қыш құмыра өндірісі — қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан қоспаны көзеші ұршығында қалыпқа келтіріп, сосын оны күйдіріп керамикалық қыш құмыраларға айналдырумен айналысатын өндіріс. Осы тәсілмен үй тұрмысында қолданатын әр түрлі ыдыстар, құрылыста қолданатын бұйымдар: кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б., техникада, темір жол, су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылатын бұйымдар жасалады. Үлгі:Main
Қыш құмыра өндірісініӊ технологиясы
Бұл тәсілдіӊ өнімдерін үш топқа бөлуге болады:
- құрылыста қолданатын бұйымдар: кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б. жасау
- үй тұрмысында қолданатын әр түрлі ыдыстар, техникада, темір жол, су және әуе көлігінде, кеңінен қолданылатын бұйымдар;
- фаянс және фарфордан жасалған бұйымдар, мүсін өнері
Жоғарыда аталған заттардыӊ бәрініӊ өндірісі технология жағынан ұқсас. Айырмашылығы — қолданылатын қыш–саздыӊ құрамы.
Қыш құмыра өндірісініӊ технологиясында алдымен қалыпқа келтіру, күйдіру, сосын өнімді шыны әшекейімен жалату сатылары болады.