Қыс ананың қобдишасы (көрме)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Конкурс тақырыбы қыс мезгіліне және оған қатыстылардың барлығына: қысқы жаңа жылдық мерекеге және атрибуттарға, ойындарға, қызықтарға, қардың жаууына және т.б.арналған. Көрмеде Өскемен, Шемонаиха, Павлодар, Қазан (Татар Республикасы) қалаларынан шеберлер мен әуесқой қолөнершілердің жұмыстары ұсынылған. Бұлар: сәндік панно, кәдесыйлар, ойыншықтар, киімдер, зергерлік бұйымдар. Бұйымдар әр түрлі техникада орындалған: ұсақ моншақтан өру, кестелеу, тігу, тоқу, киізден басу, квиллинг, декупаж және басқа.

Көрме-конкурстың бастамашылары мен ұйымдастырушылары шеберлер Ю.В.Альхимович және О.В.Путинцева болып табылады, олар интернеттің көмегімен қолөнершілерді іздеп тауып, олардың басын біріктірген.

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА