Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1972
X қысқы олимпиялық ойындар, 1972 жылы 3-13 ақпанның арасында тұңғыш рет Азия құрлығында Жапонияның Саппоро қаласында өтті. Бұл ойындарға 35 мемлекеттен 1012 (204-і әйелдер) спортшы қатысты. КСРО-ның құрамасы бұл жолы 8 алтын, 5 күміс, 3 қола медапьға ие болып, өзінің бұрынғы көшбастаушылық орнына қайта келді. Екінші орынға 83 ұпаймен ГДР-дың (Герман Демократиялық Республикасының), үшінші орынға 79 ұпаймен Норвегияның құрамасы шықты. Осы ойындарға КСРО құрамасының сапында қатысқан қазақстандық шаңғышы (Рудный қаласынан) И.Гаранин 50 км қашықтыққа жарысуда 2:50.00, 78 сек. уақыт көрсетіп 17-ші орынға ие болды.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:StubҮлгі:Navbox