Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1956

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

VІІ қысқы олимпиялық ойындар, 1956 жылы 26 қаңтар мен 5 ақпанның аралығында Италиядағы Кортина д Ампеццо деген жерде етті. Бұл ойындарға 22 мемлекеттен 924 (146-сы әйелдер) спортшы қатысты. Осы жолы қысқы Олимпиялық ойындар КСРО-ның құрама командасы алғаш рет сынға түсті. Олар 7 алтын, 3 күміс, 6 қола медальмен 103 ұпай жинады да, коман далық есепте бірінші орынға шықты. Австриялықтар 66 ұпаймен екінші, финдер 57 ұпай мен үшінші орынға ие болды. КСРО командасының қысқы Олимпиялық ойындарға қатысуы қысқы спорт түрлерінен күштің арасалмағын көрсетті. Осы ойындарда КСРО құрамасының сапында қазақстанның өкілі Александра Артеменко тау шаңғысынан өнер көрсетті. Ол шаңғымен шапшаң түсуде 1.51.1 мин.уақыт көрсетіп 14-інші орынға ие болды. Ойындардың ең үздік спортшысы атағын тау шаңғысының барлық түрлері бойынша 3 алтын медальды жеңіп алған австриялық А.Зайлер иеленді.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қысқы Олимпиадалық Ойындар 1956|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} Үлгі:Navbox

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}