Қысқааталық қызғалдақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қысқааталық қызғалдақ (Үлгі:Lang-la) – лалагүлдер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын көп жылдық пиязшықты өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Пиязшығының жуандығы 2 см-дей, қара қоңыр қабығы болады.
  • Әдетте 4 жалпақ қандауыр жапырақтан тұрады, ұш жағындағы жапырақтары таспа қандауыр тәрізді.
  • Гүлі бекіген сабағының ұзындығы 30 см-ге дейін, бір сары гүлі болады. Қауашағының ұзындығы 2,5-4,5 см, ені 1,5-2 см.
  • Тұқымынан және вегетативтік-пиязшығы арқылы көбейеді. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді.

Өсетін жері мен таралуы

Жер бетінің қоңыржай, тропикті және субтропикті белдеулерінде өседі. Қазақстанда Жетісу Алатауының оңтүстік және оңтүстік-батыс сілемдерінде тасты-қиыршықтасты және аласа тау беткейлерінде өседі. Әсемдік үшін де өсіріледі. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

<references/>