Қырым Алтынбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қырым Алтынбеков (1952 жылы 20 сәуірде Қарағанды облысы №3 ауылында туған) - Қазақстан суретшісі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі.

Әкесі - Алтынбеков Қасенхан. Анасы - Әбдірахманова Гүлжахан.

Бүкілресейлік әртүрлі материалдан жасалған мүражайлық құндылықтарды реставрациялау ғылыми-зерттеу институтын бітірген; сынау мерзімін Луврда өткен (Париж қаласы, Франция, 2000).

ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі.Суретші-қалпына келтіруші.

«11 Берел қорғанының деградацияланған ағашын консервациялау және реставрациялау» консервациялау және бекемдеуге арналған бірегей құрылым туралы кітап авторларының бірі (2004).Реставрациялау, консервациялау және археологиялық ескерткіштердің, сонымен қатар костюмдердің, реконструкциясы мәселелеріне арналған халықаралық конференцияларға қатысқан (Бельгия, Германия, Венгрия, Қытай, Ресей,Қазақстан).

Белсенді түрде басқа мемлекеттердің (Франция, Ресей,Қытай, Моңғолия, Корея) тәжірибесін зерттейді. Консервациялау және реставрациялау, сонымен қатар ежелгі көшпенділердің өнері жөнінде әртүрлі мемлекет- терде лекциялар оқиды (АҚШ, Англия, Бельгия, Германия,Чехия, Австрия, Қытай, Венгрия, Ресей, Қазақстан).

Ол түрлі әлем мұражайларында қойылған 1 000 астам тарих және мәдениет, ежелгі қолданбалы өнер ескерткіш- төрін қалпына келтірген, оның ішінде - Ақсуат ауылында табылған қайта қалпына келтірілген және толықтырылған ежелгі сақ майшамы (ШҚО Тарбағатай ауданы), Ахмет Иассауи кесенесінің (Түркістан қаласы) ғұндық зергерлік бұйымдары, Алматы кафедралды соборының Евангелиенің күміс әлеміші, мәмлүктердің бірегей қаруы (Мысыр), Берел көсемі мінген аттарының жабуын, «Алтын адам» реконструкциясыныңжаңа, дәлірек нұсқасы (Алматы облысы), Сармат көсемінің киімі мен қару-жарағы (Батыс Қазақстан) және Аржан қорғанынан табылған сақ патшасының киімі мен қару-жарағы (Ресей) және т.б.

Қазақстан, Ресей мен Франциядағы көне қорғандардан артефакттарды алу қазба жұмыстарына қатысқан. Прага және Карловы Вары (Чехия), Лондон (Англия), СанДиего, Лос-Анджелес, Вашингтон, Беркли (АҚІІІ), Москва (Ресей), Алматы, Астана (Қазақстан), Гент (Бельгия), Вена (Австрия), Стамбул (Түркия) қалаларында жеке көрмелерін өткізген.

Жұмыстары әлем мемлекеттерінің түрлі мұражайлар қорлары мен жеке коллекцияларында сақталуда.ҚР Суретшілер одағының мүшесі.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. Мәдениет қайраткері.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тәуелсіз мемлекет».

Хоббиі - жұмыс.

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет.

Үйленген. Жұбайы - Приданова Саида (1960 жылы туған ), күйеуімен біргежұмыс істейді. Қыздары -Да н а (1983 жылы туған ), Элина (1983 жылы туған ), әкесімен бірге жұмыс істейді.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub