Қыркүйек оқиғасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қыркүйек уақиғасы - 1991 жылғы 14 қыркүйекте Орал қаласында өткен саяси акция.

Митингтің барысы мен бітуі

Арандатушы топтардың күшімен БҚО - ның облыс орталығында «Казак-орыс әскерлерінің Ресейге қызмет етуінің 400 жылдығын» мерекелеу шарасы алдын-ала белгіленді. Бұған облыс халқы, әсіресе қазақ жастары наразылықтарын білдіріп, митингіге шықты. Оқиғаның асқынып кетпей, мемлекеттер тұтастық, ұлттық мүдде, халықтар татулығы тұрғысынан шешілуге республикалық және жергілікті «Азат» қозғалысының жетекшілері - А.Зейнуллин, Ж.Қуанышәлин, А.Қадырбаева, Б.Әділов, О.Сәулебаев, С.Ерғалиев және т.б. қоғамдық ұйым өкілдері мол үлес қосты. <ref>Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0</ref>

Дереккөздер

Үлгі:References