Қыпшақ тілі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:State of Cuman-Kipchak (13.) tr.png
Қыпшақ даласы XII-XIII ғасырлар
Қыпшақ тілі - Орта ғасырда Дешті-Қыпшақ деп аталған кең аймақ пен оған жапсарлас жатқан жерлерді мекендеген қыпшақ ру-тайпаларының тілі.
Сонымен бірге ол Мәмлүк мемлекеті мен Армян колониясында, Қырым далалары мен Кавказ өлкесінде де қолданылған.
Қазіргі заманда - өлі тілі болып есептеледі. Татар тілінің, башқұрт, қазақ, қарашай-балкар, құмық, ноғай, қарақалпақ және т.б. тілдердің негізі болып табылады.