Қылшан
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қылшан - Қорамсаптың бір түрі.
Тарихы
Шығыс халықтарында б.з.б 3-мыңжылдықтан бастап қолданыста болды. Кейіннен Орталық Азияны мекендеген сақ, ғұн, сармат, т.б. тайпалар садақ пен оқты бірге алып жүретін садаққап пен қылшанның біріккен түрі - горитті қолданды. 5 - 15 ғасырларда түркі-моңғол көшпелілері қылшанды оқтың жеке қабы ретінде қайтадан қолданысқа енгізді.
Жасалуы
Ағаштан Жасалынып, терімен қапталады, сырты сүйекпен әшекейленеді. Қылшандардың ұзындығы жебенің ұзындығына сәйкес 80-100 см аралығында, ені 15 - 20 см болады. Жебелер қылшынға басы жоғары қаратылып салынған. Ауызы қайыңның қабығынан, теріден, матадан жасалған қаппен бекітіледі. Қылшан арнаулы ілгектері немесе қайысбауы арқылы белдіктен оң жақтан тығылады.
Дереккөздер
<references/>