Қылмыстық әрекетсіздік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қылмыстық әрекетсіздікқылмыстық заң міндеттеген әрекетті орындамаушылық.

Қылмыстық заңда көрсетілген нақты бір әрекетті орындауға міндетті әрі мүмкіндігі бола тұра орындамаған адам әрекетсіздігі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мұндай міндет адамгершілік парыздан (мысалы, кәрі ата-анасын бағу, баласын асырау, тәрбиелеу, еңбекке жарамсыз жұбайын бағу), қызметтік не кәсіптік міндеттемеден (мысалы, медицина қызметкерінің науқасқа жәрдем көрсетуі), тікелей қылмыстық заңның өзінен (мысалы, әзірленіп жатқаны немесе жасалғаны белгілі аса ауыр қылмыс туралы хабарлау) туындайды.

Әрекетті орындау мүмкіндігі де жауапкершіліктің қажетті негіздемесі. Мысылы, аса ауыр қылмыстың әзірленіп жатқанын немесе жасалғанын білетін азамат ауа райының қолайсыздығынан (боран, дауыл) қашықтағы полиция бекетіне жете алмаса, телефон желісінің үзілуінен хабарлай алмаса, т.б. жағдайларда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.<ref>Қазақстан энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub:Заң