Қылбасқұрт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қылбасқұрт (Үлгі:Lang-la)- адамдардың трихоцефалез ауруын тудыратын, кең таралған және жиі кездесетін адам паразиті. Бүйенде, соқыр ішек өсіндісінде, тоқ ішектің бас жағында кездеседі.

Морфофизиологиялық ерекшеліктері

Ұрғашы дараларының ұзындығы 5,5 см, еркек даралары 4-5 см болады. Денесінің алдыңғы жағы жіпше не қылға ұқсас өте жіңішке, ал артқы жағы жуан болып келеді. Денесінің алдыңғы жіңішке бөлігінде тек жұтқыншақ, ал қалған асқорыту мүшелері артқы бөлімінде орналасқан. Қылбасқұрт денесінің алдыңғы, жіңішке бөлімімен қожайыннның ішек қабырғасына еніп қанмен қоректенеді.

Тіршілік циклы

Ұрықтанған ұрғашы даралары ішек қцысына жұмыртқаларын жұмыртқалайды, олар фекалиямен сыртқа шығады. Сыртқы ортада 26-28 градус жылылықта, 4 апта ішінде жұмыртқалар инвазиялық сатысына жетеді. Лас қол, жуылмаған жеміс-жидектер, көкөністер арқылы инвазиялық жұмыртқалар ішекке келіп түседі де бүйенге жетіп ересек формаға айналады. Қылбасқұрттар адам ағзасында 5 жылға дейін тіршілік ете алады.

Патогендік әсері

Ішектің шаншып ауруы, тәбеттің бұзылуы, іш өту, жүйке жүйесінің бұзылуы, бас айналу, талып қалу т.б. құбылыстар байқалады.

Лабораториялық анықтау

Фекалийді зерттеп, жұмыртқаларын табу.

Алдын алу шаралары

Жеке тазалықты сақтау.

Дереккөздер

<references/>

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  • "Медициналық биология және генетика"/Бас редактор С.А.Әбилаева, Е.О.Қуандықова- Алматы-Шымкент, 2004

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қылбасқұрт|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}