Қызғышбаб

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қызғышбаб - 14 – 15 ғғ. (археол.) мекен. Темір стансасынан сотүстік-батысқа қарай 7 км, Отырартөбенің шығысында 4 км жерде орналасқан. Географиялық координаттары 42T 447510 UTM 4744466. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының отряды (К.М. Байпақов. Д.А. Воякин) зерттеген. Қирандылар (кесененікі болуы мүмкін) шыршы тәрізді, көлемі 10x10 м, биіктігі бір метр төбе болып қалған. Бетінде төртбұрышты, ортасы сай, көлемі 7x6 м жал байқалады. Ең биік тұсында, солтүстік бұрышына ай орнатылған, көлемі 3x3 м темір тордан қоршау орнатылған. Жалдың айналасы мен ішінде көптеген бүтін және сынық қыштар шашылып жатыр. Қыштар шаршы формалы, көлемдері 28x28x6 см. Солтүстік шығысында кішігірім төбешіктер бар. Бұлар да бұзылған құрылыс іздеріне ұқсайды. Қирандыларды Арыстанбабтың ізбасарларының бірі Қазғышбабтың атымен байланыстырады.<ref>Оңтүстік Қазақстан Облысы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер