Қызыр пайғамбар мұнарасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қызыр пайғамбар мұнарасы (18–19 ғасырлар) – сәулет өнері ескерткіші. Сайрам ауданында орналасқан. Күйдірілген кірпіштен тұрғызылған минарет – Оңтүстік Қазақстанға тән мұнаралы құрылыстар қатарына жатады. Тұрғызылған кездегі биіктігі 10,5 м болса, кейіннен жер сілкінісінің нәтижесінде біраз бөлігі құлаған. Қазіргі кезде құрылыстың сақталған бөлігінің биіктігі 5 м шамасында. Табанының диаметрі 2,9 м. Мұнараның жоғарғы бөлігі өрнектеліп қаланған кірпіштерден және жан-жаққа қаратылып салынған аркалы ойықтардан тұрады. Жоғары шығатын баспалдақ ағаш тіреулер мен ортасындағы кірпіш тірекке бекітілген.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub Үлгі:Wikify