Қызыл құлақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қызыл құлақ

Қызыл құлақ (Physalіs) — алқа тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Түркістан өңірінде және Іле, Жетісу (Жоңғар) Алатауларында, Қаратау, Батыс Тянь-Шань тауларының төменгі бөктерінде, арық жағаларында, тау өзендерінің арнасында кездеседі. Бақшаларда қолдан егіп те өсіреді. Қызыл құлақтың өзіне тән ерекшелігі — тостағанша жапырақшасы үрілген “фонарик” тәрізді. Онда жидегі жетіледі. Қазақстанда Қызыл құлақтың 2 түрі бар. Ең көп тараған түрі — кәдімгі Қызыл құлақ (Ph. alkekengі). Биіктігі 20 — 100 см. Тамыры жер астында көлбей өседі. Сабағының жоғарғы жағы және сағақтары қалың түкпен қапталған. Жұмыртқа тәрізді сопақша жапырағының ұзындығы 4 — 15 см, ені 1,8 — 8,5 см, төменгі жағында дара болады да, жоғарылаған сайын қос-қостан өседі. Дара, ұсақ гүлдері төмен қарай иіліп тұрады. Тостағаншасы қоңырау пішінді күлтесі ақшыл не сары түсті. Мамыр — тамыз айларында гүлдеп, маусым — қыркүйекте жеміс береді. Жемісі — қызғылт-сары домалақ жидек, ұзындығы 1,2 — 1,7 см, сырты жылтыр, көп тұқымды.

Дереккөздер

Қазақстан энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қызыл құлақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}