Қызыл ығысу
Қызыл ығысу – жарық көзі мен бақылаушының өзара алыстауынан немесе сәулеленуді қабылдағыштың авиациялық өрістің көзіне қарағанда әлсіздеу облыста жататындығынан болатын, эталондық спектрмен салыстырғанды электромагниттік сәулелену спектрінде толық ұзындығының үлкеюі. Жарықтың алыс галактикалардан қызыл ығысуы олардың бір-бірінен алшақтап қозғалатынын көрсетеді, және бұл Үлкен жарылысқа дәлел бола алады.
Қозғалыстағы заттар толқын шығарғанда, толқынның ұзындығы мен жиілігі өзгереді. Мәселен, пойыз бір орында тұрған бақылаушыға қарай қозғалса, пойыздан шығатын дыбыстың жиілігі қозғалыссыз тұрған пойыздың жиілігінен көп болып естіледі. Егер пойыз бақылаушы жанынан өтіп, бақылаушыдан ұзап бара жатса, дыбыстың жиілігі азайғандай болады. Мұның себебі, қозғалыстағы пойыз шығаратын дыбыс толқындары алдын-ала шығып қойған толқындарға ілеседі не олардан алшақтайды, бұл толқындардың арақашықтығын азайтады немесе арттырады. Яғни, келіп жатқан толқындардың арасындағы уақыт азаяды немесе көбейеді. Дененің жылдамдығын осы жиіліктің өзгерісі арқылы өлшеуге болады.
Жарықта да осы эффект жүзеге асады. Егер дене бақылаушыға қарай қозғалса, толқын ұзындығы спектрдің соңына қарай, "көк" түске қарай жылжып, азая бастайды. Ал егер дене бақылаушыдан қарсы бағытта қозғалса, ол "қызыл ығысуға" ұшырайды.
Алыс галактикаларды бақылағанда, олар қызыл ығысуға ұшыраған сияқты болып көрінеді. Мұның екі себебі бар: біріншіден, галактикалар бір-бірінен алшақтап қозғалуда; екіншіден, жарық ұлғайып жатқан ғарыш кеңістігі арқылы өткенде, оның толқын ұзындығы артады, бұл да қызыл ығысуға алып келеді. <ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>
Дереккөздер
<references/>