Қызыл-Уық ғибадатханасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қызыл-Уық ғибадатханасы - Ақтөбе облысы Байғанин ауданында орналасқан, cарматтар дәуірінде бой көтерген. Ескерткіш өзінің сәулеттік кескіні мен мәдени-тарихи мағынасы бойынша сирек ескерткіштерге жатады. Бұл Қазақстан аумағындағы шеңберлік жобамен салынған ең ірі тас құрылыс, ол б.д. дейінгі 1 мыңжылдықтың ортасына – соңына жатады. Мұнда сарматтық-сақ-массагеттік бірлестіктер Күн мен От құдайларына арналған табыну ырымдарын жасайтын.Зиярат орны кешеннің сыртында меңгірлердің тастан жасалған құрбандық орындары мен қарулы әскерлердің мүсіндерінің қалдықтары тіркелген, олар негізгі құрылысқа шығыс жағынан доға түрінде жанасып жатыр. Доғаның жалпы ұзындығы шамамен 1000 метр.Зиярат орны әдеттегі өсімдік жабыны бар тегіс жазықтықтың аздап жоғары көтерілген бөлігінде орналасқан. Оның көлемі тастардың жатуы мен тас үйінділердің орналасуына қарасақ, шамамен 10 га құраған. Қызыл ұйықтан 20 км радиуста қарулы әскерлердің тас мүсіндік қалдықтары бар әртүрлі шамадағы бірнеше ритуалдық-табыну құрылыстары тіркелген. Басты объект жоспарындағы биіктігі шамамен алғанда 5 м, диаметрі 50 м құрайтын дөңгелек тас құрылыс түрінде болып келеді. Ғибадатхананың күмбез тәрізді төбесі, шеңбер қабырғасы қаламасының айналасы тақшатаспен қапталған болған болар. Маңайындағы аймақты тазалау кезінде тастан жасалған құрбандық шалу орындарынан тікелей жақын жерлерде кейінгі сарматтық жебелердің ұштықтарының үйінділері, сиқырлы аңның суреті бар екі күміс жапсырмалар табылған болатын.

Дереккөздер

http://www.madenimura.kz/kk/culture-legacy/region/actobe_oblast/excavation/kyzyl-uiyk