Қызылқұм суару жүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына

Қызылқұм суару жүйесіШардара ауданы жерінде. Сырдария өзені мен Шардара даласының батысында, Қызылқұм шөлі аралығында орналасқан. 1967 жылы іске қосылған. Басын Шардара бөгенінен алып солтүстікке қарай Сүткент тұсында батысқа бұрылып Сырдарияға қосылады. Суы реттеуші жүйелер арқылы ағызылған. Қызылқұм суару жүйесі бас каналдан (ұзындығы 97,2 км), су реттеуші автоматтандырылған басқарудан тұрады. Жүйе алабында күріш, мақта өсіріледі.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>