Қызылтаң

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қызылтаң, қақпақ <ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>– ортағасырлық қала орны.
Сурет:Kyzylorda p.svg
Қызылтаң.
Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылының оңтүстік шығыс жағындағы биік жотаның бауырында. 1982 ж. Шымкент педагогикалық институтының археологиялық отряды (жетекшісі А.Н. Подушкин), 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының Келес отряды (жетекшісі Д.А. Талеев) зерттеген. Түрік дәуірінде гүлденіп тұрған бұл қала Шаш пен Исфиджабтың арасын байланыстыратын сауда жолының бойындағы шекаралық бекет қызметін атқарған. Араб деректерінде Келес өзенін бойлай Сабылық немесе Сайлық тауынан Сырдарияға дейін салынған қорғаныс дуал болғандығы айтылады. В.В. Бартольдтың пікірінше бұл дуал Қызылтаң маңынан өткен. Ал түрік және араб деректерінде жиі айтылатын темір қақпа, яғни Шаштан шығысқа қарай шығатын қақпа сол дуалдың бойында, осы қаланың тұсында болса керек. Өйткені Ташкент пен Сайрамның, кейіннен Шымкенттің арасындағы негізгі байланыс жолы 20 ғасырдың 50-жылдарына дейін Шыршық, Қызылтаң, Тұрбат, Алтынтөбе, Бекларбек ауылдары арқылы өткендігін жергілікті тұрғындар растайды. Шығыстан батысқа қарай созылған қаланың орталық бөлігінің ауданы 110х75 м, биіктігі 10–11 м. Батыс және солтүстік жағы тік. Солтүстік-батыс жағынан кіретін қақпаның екі шетінен салынған мұнаралардың орындары сақталған. Қызылтаң шахристаны қамалды үш жағынан (шығыс, оңтүстік, батыс) қоршап жатыр. Жер қазу, үй салу жұмыстары кезінде оның көптеген бөліктері бұзылған. Жалпы ауданы 2–3 га. Шахристан сыртында қарапайым халық тұрған қаланың бөлігі, рабаттың құрылыс қалдықтарының бедерлері де жақсы сақталған. Қызылтаңның жобасын түсіру барысында жиналған заттардың сипаты 6–13 ғасырлар арасында мұнда қалалық мәдениет өркендегенінен хабар береді.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қызылтаң|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}