Қызылтау (Жамбыл облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Қызылтау— ерте палеолит ескерткіші. Жамбыл облысы Қаратау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 24 км жерде. 1994 жылы Қазақстан — Ресей біріккен археологиялық экспедиция (жетекшісі А. П. Деревянко) ашқан. Мұнда шағын төбенің 15080 м алаңқайынан 157 тас құралдар табылды. Халцедоннан жасалған 68 тас құрал көбірек, 74 құрал орташа деңгейде, 15 құрал аздап қана бүлінген. Бүлінісі көбірек байқалатын құралдар арасында бастапқы тұрпат (10 дана), өзектас (15 дана), сандық тас (9 дана), леваллуа жарқыншақтары (8 дана), тісті-ойықты құралдар (10 дана), жарқыншақ (4 дана), тас тілік (2 дана) және тас жаңқа (100 дана) бар. Қызылтаудан алынған тас құралдар бұл жерді адам баласы эоплейстоцен, плейстоцен кезеңдерінде мекендегенін айғақтайды.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”</ref>

Дереккөздер

<references/>