Қызылтам (мазар)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қызылтам- 13 - 14 ғасырларда күйдірілген кірпіштен тұрғызылған мазар. Ақтөбе қаласының солтүстігіне қарай 50 км жерде, Қарғалы мен Қосетек өзендерінің бір-біріне құяр сағасында. 1907 ж. А.И. Кастанье басқарған археологиялық экспедиция зерттеген. Жалпы жобасы шаршыланып келген (6,5x6,5 м), шошақ күмбезді. Қалмақ (Бадымай хан) пен қазақ елі арасындағы соғыс кезінде (шамамен 13 ғ.) қаза болған екі ғашықтың басына тұрғызылған мазар деген аңыз бар.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}