Қызылорда халық киностудиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қызылорда халық киностудиясы - әуесқойлар киностудиясы. 1974 ж. облыстық халық шығармашылығы мен мәдени-ағарту жұмыстарының ғылыми-әдістемелік орталығы жанынан құрылды. 1977 ж. халық киностудиясы атағына ие болды. Оның көркемдік жағын 1977 -80 ж. В.Е. Лучинкин басқарды. Киностудия күшімен облыстық халық шығармашылығы мен мәдени өмірінің қол жеткен табыстарын көрсететін және күріш өсірушілер туралы қысқа метражды фильмдер түсірілді. Олардың қатарында "Машинист", "Шопан", "Еңбек даңқы", "Ләйлек бізге не әкелер екен?", "Ыбырай Жақаев", "Күміс той", т.б. фильмдер бар. 1977 ж. өткізілген Бүкілодақтық әуесқойлар фильмдері байқауына қатысты. Республикалық әуесқойлар фильмдері байқауының лауреаты (1977).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}