Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві— ғылыми-құжаттық мекеме. 1928 ж. ұйымдастырылған. Алғашқы кезде округтік, 1931 ж. қалалық архив болды, 1938 жылдан қазіргі атауымен аталып келеді. Архивте облыстық, уездік-қалалық кеңестер мен атқару комитеттерінің 1917 жылдан бергі тарихи құжаттары жинақталған. Облыс өңіріндегі азамат соғысының барысы, алғашқы ұжымшарлар мен кеңшарлардың, МТС, тұңғыш мұғалімдер одағының, “Қосшы” одағының құрылуы, жергілікті өнеркәсіптің, балық шаруашылығының дамуы, күріш өсіру технологиясын меңгеру, атақты күрішшілер Ы.Жақаев, М.С. Кимнің еңбектері, мал шаруашылығын дамыту, оқу ағарту, денсаулық сақтау, мәдениет басқармаларының, Қызылорда қаласы астана болып тұрған кездегі (1925 — 29) оқу орындарының құжаттары сақталған. анықтамалық әдебиеті 800-ден, құжат саны 136 мыңнан асады. Құрамында 2 бөлімшесі, 7 аударма архиві бар.

Дереккөздер

Қазақстан энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}