Қызылмия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Қызылмия (Үлгі:Lang-la) – бұршақ тұқымдасы, мия туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 30 – 80 см.
  • Жапырақтарының көбі қауырсын пішінді.
  • Гүлі ақшыл күлгін түсті. Маусымтамыз айларында гүлдеп, жеміс салады.
  • Жемісі бұршақ.

Өсетін жері

Қызылмия Қазақстанның далалы және шөлді аймақтарында, Жайық, Шу, Іле, Сырдария өзендерінің жағаларында өседі.

Құрамы

Тамырында глюкоза (0,6 – 15,2%); фруктоза (0,3 – 4,1%); сахароза (0,3 – 20,3%); мальтоза (0,1 – 0,6%); крахмал (34%) бар, сонымен қатар органикалық қышқылдар, эфир майлары, глицирризин қышқылы, фенолкарбон қышқылдары және олардың туындылары (кумарин, флавоноид, тері илегіш заттар, жоғарғы алифатты көмірсутектер және спирттер) болады.

Емдік қасиеті және қолданысы

Қызылмия дүниежүзілік және отандық фармакологияға енген.
Медицинада қызылмия препараттарын эликсир, сығынды, ұнтақ және қою шырын түрінде қақырық түсіретін және іш өткізетін дәрі ретінде пайдаланады. Тибет медицинасында қызылмия препараттарын өкпе туберкулезін емдеуге, артериосклерозға, т.б. қарсы, ал Батыс Еуропа медицинасында семіздіктен арылу үшін қосынды жасап қолданады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы III том 12 тарау</ref>

Таралу аймағы

Қызыл мия Іле өзендерінің аңғары, Оңтүстік Қазақстан облысының далалы аймақтарында көп кездеседі.

Экологиясы

Далалық аймақта, шөл және шөлейтте , тоғайда жақсы өсіп-өнеді. Тұқымынан және тамыр сабақ арқылы көбейеді.

Қоры

Республикамыздағы ең ірі өзендерінің бойындағы Орал, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысында қызыл мияның қоры зерттелген.

Халық шаруашылығындағы маңызы

Мия ертеден қолданылатын дәрілік өсімдік. Мия тамыры дәмінің ерекше тәтті болуына байланысты ерекше ат беріп, дәрі ретінде қолданған. Грецияда –«Тәтті тамыр», Қытайда "ганьцао" - «тәтті шөп», Моңғолияда хунчир – «тәтті тамыр» деп аталған. Мияның тамыры, тамырсабағы біздің дәуірімізге дейін 2800 жыл бұрын Қытай, Тибет, Индия, Жапония медицинасында пайдаланылған.

Ертеде Грек дәрігері Гиппократтың еңбектерінде мияның тамырының емдік қасиеттерін жазылған.

Гректің атақты дәрігері Диоскорид өзінің еңбектерінде мияның сөлі өкпе, бауыр ауруларына және шөлді басатын дәрі екенін сипаттап жазған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер