Қызылмақшы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қызылмақшы - көне қала орны.

Қаланың орны мен ашылуы

Жамбыл облысы Талас ауданы Бостандық ауылының оңтүстік шетінде орналасқан. 1980 жылы Қызылмақшы қонысын Байбосынов жетекшілік еткен экспедиция тауып, алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Көне қоныс X-XIII ғасырларға жатады. Қызылмақшы орны биіктігі 3 м болатын төбешік пішіндес, аумағы 270*200 м. Топырақ үйінділерінен жасалған қоршау қамал рөлін атқарған. Қамалдың бұрыштарында күзет мұнаралары болған. Қызылмақшы орнының оңтүстік-шығыс жағындағы цитадельдің аумағы 40*25 м. Цитадель қазір биіктігі 5 м болатын төбешік болып дараланып тұрады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>