Қызылкент сарайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қызылкент сарайы, 13-15 ғ. архитектуралық ескерткіші, жұрнағы Қарағандыдан 260 км, Қарқаралы ауданының Кент ауылының оңтүстігіне таман 1,5 км жерде, Кент тауының шығыс бөлігіндегі Қызылсу өзенінің жағалауында жатыр. Деректемелерде 1872 жылдан белгілі. А. И. Левшин, Ә. X. Марғұлан, В. Никитин, А. Чулочников, Д. Байжұмыров, Г. Броневский т. б. еңбектерінде сипатталған. Қ. с. орт. белігінде бір кезгі крест пішіндес 2 қабатты тас ғимараттын шаршылау ойыс орны бар тебе болып табылады. Негізгі жайға 3 жағынан төртбұрышты шағын құрылыстар қосылған, олар бас ғимаратпен ішкі жолдар арқылы жалғасады. Оңтүстік жағында ені-1,5 м, биіктігі 2 м кіре беріс, оның үстінде 6 ағаш бағанаға орнатылған балкон түріндегі аспа бар. Қабырғалары жалпақ табиғи тастан қаланын, арасына саз ерітіндісі құйылған (ені 0,7-0,8 м, ұз.15 м). Сарай кешеніне бұлардан басқа жеке құрылыстар мен бас ғимараттан оңтүстікке таман 25 м. жердегі зират қорғаны кіреді.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}