Қызылжар (Қызылорда облысы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қызылжар — Қызылорда облысының Арал ауданындағы ауыл, Райым ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстікке қарай 120 км жерде, Сырдария өзенінің атырауында орналасқан.
Тарихы
Іргесі 1930 жылдың басында қаланып, 1932-1997 жылдары балық кәсіпшілігімен айналысатын «Райым» ұжымшарының орталығы болған. Оның негізінде Қызылжар және Шөмішкөл ауылдарында «Райым» ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
Халқы
Тұрғыны 1080 адам (2009).