Қыздарбек Төребайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қыздарбек Төребайұлы (1850, қазіргі Қарағанды, Шет ауданы Ақтас-Шалтас қыстауы - 1922, сонда) — домбырашы-күйші. Жасында Итаяқ күйшіден тәлім алған Қыздарбек өз дәуірінде асқан домбырашылық-күйшілік өнер шеберлігімен аты шыққан. Ол Тәттімбеттің, т.б. композиторлардың күйлерін ("Сылқылдақ", "Сылқымқыз", "Терісқақпай", "Майда Қосбасар", "Жұбаныш", т.б.) тартумен бірге өзі де күй шығарған. Қыздарбектен кезінде тәлім-тәрбие алған шәкірт күйшілері қатарында Аққыз, Әбді, Кенжеқара, Мақаш, Сембек, т.б. бар.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}