Қызамық тұқымдасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Vaccinium virgatum - Curtis.jpg
Қызамық бұтасы

Қызамық тұқымдасы (Vacciniaceae) - қос жарнақты, мәңгі жасыл не жапырағын тастап отыратын бұта.

Биологиялық сипаттамасы

Сабағы тік, кейде төселмелі, бүтін жиекті жапырағы кезекті орналасқан. Гүлі қос жынысты, күлтесі, тостағаншасы 4-5 жапырақшалы, аналығы төмен жатынды, 4-5 ұялы. Жемісі - көп тұқымды жидек, сирек те болса қуашақ.

Өсу аймағы мен таралуы

Тропиктерде, субтропиктерде өседі. Иран, Ирак, Скандинавия, Жапонияда, Солтүстік Америкада, Кіші Азияда, Жерорта теңізі аймағында таралған 35 туыс, 800 түрі, Кавказ, Батыс Сібір мен Шығыс Сібірде, Моңғолияда 2 туыс, 9 түрі бар. Қазақстанда Тобыл, Мұғалжар алқабында, Ақмола облысы мен Ақтөбе облысында, Алтай, Тарбағатайда 2 туыс, 5 түрі кездеседі.

Кәсіптік маңызы

Жемісінде сахароза, глюкоза, фруктоза, лимон қышқылы, С витамині бар, шырын алынады. Шарап жасауда, кондитер өнеркәсібінде, тосап жасауда, медицинада асқазан бұзылғанда дәрі ретінде қолданылады. Әсемдік үшін де өсіріледі.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>