Қыдырбай Артықов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қыдырбай Артықов (15. 6.1946. Қарақалпақстан АССР-і, Шымбай ауданы, Мәдениет ауылы 8.12.1973. Алматы қаласы) - журналист. <ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. ҚазМУ-ді бітірген (1972). Сол жылдан бастап ККОК-інің жолдамасымен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспасөз жөніндегі Мемкомитетінің қарамағына жұмысқа жіберіледі.

Студент кезінен "Лениншіл жас" газетінде жұмыс істеп, қаламы төселген жас журналисті "Қазақстан" баспасы редактор етіп қабылдайды. Баспада қызмет істеген жылдары ұйымдастыру қабілетімен көзге түскен Қыдырбай Артықов осы жүйедегі жылжымалы кітап көрмесінің директоры болып тағайындалады.

1972 жылы бастап журналистік қызметін ғылыммен ұштастырып әл-Фараби ілімдерін зерттеуге кіріседі. Қыдырбай Артықов қысқа ғұмырының ішінде журналистиканың радиожурналистика, баспасөз және әдебиеттің балаларға арналған саласы сияқты бірталай бағыттарда қалам тербеп үлгерген. Тіпті аударма саласына да біраз еңбек сіңіріп, көптеген жаңа сөздерді қолданысқа енгізген.

Қыдырбай Артықовтың мұраларының ішінен сатиралық туындыларды да кездестіруге болады. Лирикалық өлеңдері, әңгімелері, публицистикалық туындылары да бір төбе. "Енші",' ақ лақ" деген әдеби әңгімелері, "Үлкен жүрек" атты очеркі, "Соқыр ішек", "Тарттық мейраманханаға", "Тал түстегі тамаша", "Жеңгейдің жазасы" деген сатиралық әңгімелері мен өлеңдері Қазақ радиосынан жиі-жиі беріліп тұрды. 

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}