Қуғантыр
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қуғантыр – Күнгей Алатау жотасындағы асу.
Географиялық орны
Алматы облысы Райымбек ауданы жерінде.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 3908 м. Жотаның солтүстігіндегі Шілік өзінінің саласы - Қуғантыр өзені бойымен Ыстықкөл көліне құятын Ақсу өзенінің бастауына Қуғантыр арқылы соқпақ жол өтеді. Онымен салт атты адам мамыр-қазан айларында өте алады.Солтүстігінде мореналар, шағын мұздықтар, оңтүстігіндеде қорымтастар кездеседі. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>