Қуат Рашханұлы Иманалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қуат Рашханұлы Иманалиев - 1962 жылы 20 маусымда Жамбыл облысы Талас ауданы Жайлаукөл ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Иманалиев Рашхан Иманалиұлы, Жамбыл облы- сы Красногорск ауданының бас дәрігері болған. Анасы - Құрманқожаева Сахан Құрманқожақызы, оқытушы. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетін (1984) «Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру» мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік басқару академиясының жанындағы Нарық институтының қаржы факультетін (1995) «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1982 жылдан - «Донбасскөмір» ӨБ 12-көлбеу шахтасының электрослесарі (Донецк қ.). 1984 жылдан - «Екібастұзкө- мір» ӨБ «Солтүстік» кесіктің «Оңтүстік» аудару жүмысучаскесінің электромеханигі. 1987 жылдан - «Екібастұзкөмір» ӨБ «Оңтүстік» кесігінің бас механигі. 1993 жылдан- Жамбыл облысы Қордай ауданы «Жайлау» өндірістік фирмасының бас инженері. 1996 жылдан - Жамбыл облысы Қордай ауданының аудандық баспасының директоры. 1997 жылдан бері - «Қордай ақпараттық-баспа компания- сы» ЖШС директоры. 2008 жылдан бері - «Техногранит KZ» ЖШС директоры. Қазақстанның Журналистер одағының мүшесі. «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталған (2008). Әскери атағы - запастағы капитан. Діни көзқарасы - шыдамды. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Дамыған мемлекет». Хоббиі - спорт, футбол. Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия. Үйленген. Жұбайы - Иманалиева Гүлжамал Тұрсынбек- қызы, «Қордай ақпараттық-баспа компаниясы» ЖШС бухгалтер-кассирі. Қызы - Иманалиева Жәмилә Қуатқызы (1984 ж. т.); ұлы - Иманалиев Мақсат Қуатұлы (1986 ж. т.) <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub