Қуан Лекеров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лекеров Қуан (1896, Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы — 23.5.1955, Алматы) — әнші (драм-тенор). ҚазКСР-інің еңбек сіңірген артісі (1939). Алғашқы ұстаздары шешесі Бәдігүл мен әнші Қ.Байжанов. Жастайынан “әнші бала” атанған Лекеров майталман әншілерден (Ұ.Айтбаев, Иса Байзақов, М.Уәлиқызы) тағылым алған. 1930 ж. Алматыға шақыртылып, Қазақ радиосында әнші болды. Қазақ мемл. драма театрының сахнасында Жапал (Мұхтар Әуезов, “Еңлік-Кебек”), Ақан (Ғабит Мүсірепов, “Ақан сері — Ақтоқты”), т.б. бейнелерді сомдады. 1940 жылдан Қазақ филармониясында әнші болды. 2-дүниежүз. соғыс жылдары арнаулы концерттік топтың құрамында майдан жауынгерлеріне арналған концерттерге қатысты. Оның репертуарында қазақтың халық әндері, Жаяу Мұсаның, Ақан серінің, Біржанның, Жарылғапбердінің, сондай-ақ қазақ композиторларының әндері болды. Үнтаспаға жазылған әндері Қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}