Қуаныш Мәдібекұлы Маханбет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қуаныш Мәдібекұлы Маханбет (1955 жылы туған, Сырдария ауданы Амангелді ауылы) – журналист. ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1982). Еңбек жолын 1982 жылы Торғай облысы «Торғай таңы» газетінен бастап, 1983 – 87 жылы Торғай облысы Қима ауданы «Дала таңы» – «Степная заря» газеті редакторының орынбасары, редакторы қызметтерін атқарған. 1987 – 88 жылдары Қызылорда облысы «Ленин жолы» газетінде тілші, 1988 – 91 жылы Қызылорда облыстық партия комитетінде идеология бөлімінде кеңесші, сектор меңгерушісі, бөлім бастығының орынбасары, 1991 – 96 жылдары облыстық кеңестің, облыстық әкімшіліктің бұқаралық ақпарат және қоғамдық келісім бөлімінің меңгерушісі, облыс әкімі, баспасөз қызметінің басшысы қызметтерін атқарған. 1996 жылдан Қызылорда «Полиграфия» өндірістік бірлестігінің бас директоры, «Қызылордаполиграфия» ААҚ-ның президенті. Маханбет «Сыр өңірі тарихы», «Сыр елі: бетбұрыс белесінде («Земля Сыра: шаг к развитию)», «Мемлекеттік идеология», «Қызылорда облысы» («Кызылординская область») кітаптарының, «Қазақфильм» киностудиясы шығарған «Сыр өңірі» («Земля Сыря») атты публицистикалық деректі фильмнің авторы. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығын алған.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы"

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қуаныш Мәдібекұлы Маханбет|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}