Қуаныш Махмұтұлы Алпысбеков
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
АЛПЫСБЕКОВ Қуаныш Махмұтұлы (1944 ж.т., Целиноград ауданы Новоишимка а.) — қайраткер. Новосібір т. ж. инженерлері ин-тын (1967), КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын (1980) бітірген. Т.ж-да (1964 — 70), партия бөлімінде қызметте (1970 — 91), ҚР көлік министрінің орынбасары (1991 — 92), Ақтау қ-ндағы халықар. теңіз-көлігі компаниясының президенті (1992 — 95), Ақмола облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары (1995 — 2004). ҚР Премьер-министрінің кеңсесі жетекшісінің орынбасары (2004 — 06). 2006 жылдан ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (1999 — 2004). А. 2 мәрте «Құрмет белгісі» ордені, медальдармен марапатталған.