Қуаныш Бекжанова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қуаныш Бекжанова – (1944 жылы Қарағанды облысы Жезқазған-Рудник қаласы)-редактор. ҚазМУ-ды бітірген (1968). Содан үзбестен 2002 жылға дейін (34 жыл бойына) Қазақ радиосының хабарларын эфирге шығарушы жауапты редакторы болып еңбек етті. Ол Қазақ радиосының ардагерлері М.Сейітова Ә.Байжанбаев, Қ.Әзімбаева, Ж.Асқарова, Ж.Омарходжаева, Ж.Аяпбергенова, М. Сержапов сияқты ата буын дикторларымен эфир қызметі бойынша қоян-қолтық араласып, солардың тәлім-тәрбиесін көрді.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

Дикторлардың олардан кейінгі орта және жас буын өкілдеріне солардың өнеріндегі қағида-ұстанымдарын, кәсіби шеберліктері мен адами өнеге тағылымдарын өзі үйретіп отырды. Әуе толқынында Қазақ радиосы (2001) атты жинақта сол ардагерлер және кейінгі толқын әріптестері жөнінде Бір қызмет, бір ғұмырым бір бақытым деген естелігігін жариялады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}