Қуаныш Ахметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Қуаныш Ахметов (6 қыркүйек 1946 жыл Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы - 2008 жыл Астана) - ақын, аудармашы, журналист, тарихшы.

Өмірбаяны

  • Алматы индустриалдық техникумын бітірген.
  • Ленинград политехникалық институтты бітірді.
  • Жезқазған кен-металлургия комбинатында учаске, шахта бастығы, ЖШПТ-нің бас механигі болды.
  • 1991 жылдан баспасөз, әдебиет саласына біржолата бет бұрды.
  • «Халық кеңесі»
  • «Ана тілі»
  • «Заң»
  • «Қазақ әдебиеті» газеттерінде тілшілік қызмет атқарды.
  • Соңғы уақытта «Фолиант» баспасында жұмыс істеп жүрді.

Шығармашылығы

  • Тұңғыш өлеңі «Біздің ат» (1959) «Қазақстан пионері» газетінде жарияланған.
  • «Қарлығаш»
  • «Жетіген» (1981, 1984)
  • «Қос арна» (1999)
  • «Көзайым» (2004) атты жыр жинақтары
  • «Ұлы даланың Ұлытауы» (І-том, 1999, ІІ-том, 2001)
  • «Кенесары хан Ұлытау өңірінде» (2002)
  • «Замана заңғарынан. С вершины времени» атты деректі проза, тарихи танымдық, публицистикалық кітаптары жарық көрген.
  • Бұлардан басқа аударма (поэзия) саласында жарық көрген кітаптары бар.
  • Жекелген шығармалары ұжымдық жинақтарга енген.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Аудармалары

  • Вьетнам халқынын көсемі Хо Ши Миннің өлеңдерін
  • неміс жазушысы Вилли Майнктің «Марко Полоның таңғажайып сапары» деректі кітабін
  • орыс поэзиясының танымал өкілдері К.Ф. Рылеев, В.К. Кюхельбекер, А.И. Одоевскийлердің
  • сібірлік әйгілі ақын П.П. Ершовтың «Сүзбе сұлу» тарихи дастанын
  • ресейлік жазушы О.Г. Чистовскийдің Жезқазған өңірі жайлы баяндайтын «Жапан дала жан-жағың...» хикаятын қазақ тілінде сөйлетті.

Жетістіктері

  • Қазақстан журналистер одағының С.Ерубаев атындағы сыйлығы (1996)
  • «Түркістанға – 1500 жыл» халықаралық әдеби конкурс
  • Кенесары хан атындағы республикалық сыйлық (2002)
  • Ұлытау ауданының Құрметті азаматы (2001)
  • Ырғыз ауданының Құрметті азаматы.

Марапаттары

  • Өндірістегі және шығармашылық жолындағы еңбегі үшін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі (1984)<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}