Қуантқан Мырзабекұлы Әлімов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Қуантқан Мырзабекұлы Әлімов - Ақтөбе қаласы əкімінің орынбасары.

Білімі

Алматы халық шаруашылық институтын (1986) экономист мамандығы бойынша; Свердловск жоғары партия мектебін (1990) саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген.

Өмірбаяны

1955 жылы 24 қыркүйекте Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Ырғыз ауылында туған. Қазақ.Қазақ жәнө орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2003 жылдан).

1975 жылдан - Ырғыз аудандық қаржы бөлімінің бюджет жөніндегі инспекторы.

1979 жылдан - мемлекеттік кіріс және бюджет жөніндегі инспекцияның бастығы - Ырғыз аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

1985 жылдан - Ырғыз аудандық партия комитеті жалпы бөлімінің нұсқаушысы, меңгерушісі. 1986 жылдан - ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.

1990 жылдан - Ақтөбе облыстық Салық инспекциясының бас мемлекеттік салық инспекторы.

1991 жылдан - Ақтөбе қалалық әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасының меңгерушісі.

1992 жылдан - Ақтөбе қаласы бойынша Мемлекеттік қаржы бақылауы комитетінің бөлімше бастығы.

1998 жылдан - Ақтөбе облыстық қазынашылық басқармасының денсаулық сақтау мекемелерін тексеру бөлімінің бастығы.

1999 жылдан - Ақтөбе қаласы әкімінің кеңесшісі, әкімінің орынбасары.

2002 жылдан - Ақтөбе облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары. 2003 жылдан - Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімі.

2006 жылдан бері - Ақтөбе облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.

Марапаттары мен атақтары

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен, ҚР Құрмет грамотасымен (2005) марапатталған.

Әскери атағы - аға лейтенант.

Жеке өмірі

Діни көзқарасы - ислам. Хоббиі - аңшылық, балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи шығармалар.

Отбасы

Әкесі - Әлімов Мырзабек. Анасы - Әлімова Жұмасия.

Үйленген. Жұбайы - Әлімова Зәуреш Асылбайқызы (1958 ж. т.). Қыздары - Әлімова Гүлзия Қуантқанқызы (1983 ж.т.), Мырзабекова Гүлназия Қуантқанқызы (1993 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Bio-stub