Қуантқан Айтмұханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айтмұханов Қуантқан (1947 жылы туған, Маңғыстау облысы, Ортаеспе ауылы) – құрылысшы-инженер. Қарағанды политехникалық институтын (қазіргі ҚарМУ) бітірген (1975). 1975 – 86 жылдары Форт-Шевченко қаласы құрылыс-жол пайдалану басқармасында бөлімше механигі, Жаңаөзен қаласындағы «Маңғышлақмұнайгаз құрылыс» тресінде мастер, ғ3 технологиялық көлік басқармасында автотізбек бастығы, жөндеу шеберханасының бастығы, Жер асты жөндеу жұмысы агрегаттары бойынша басқарма бастығының орынбасары, бас инженер, 1990 – 94 жылдары Маңғыстау облысы Тау-кен техникалық инспекциясының инспекторы болды. 1995 жылдан «Өзенмұнайгаз» бірлестігі көлік бөлімінің бастығы, ғ3 ұңғымаға қызмет көрсету басқармасының бастығы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2005). <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, 4том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}