Қуантай Әубәкіров
Қуантай Әубәкіров(3.1.1942 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Амангелді ауылы) – агроном, ауыл шаруашылық ғылымның докторы (2005). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1965, қазіргі Қазақ ұлттық аграрный университеті) және Қазақ егіншілік ғылыми-зертеу институтының аспирантурасын (1971) бітірген. Қазақ шабындық және жайылым ғылым-зертеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1971–1979), бөлім меңгерушісі (1979–1994), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Генетика, физиология және өсімдік биоинженериясы ғылыми-зертеу институтында жетекші ғылыми қызметкер (1994–2002), Қазақ ұлттық аграрный университетінде доцент (2002), профессор (2006) қызметтерін атқарады. Оның ғылыми жұмыстары негізінен мал азығын өндіру мәселелеріне арналған. Әубәкіров 110-ға жуық ғылыми еңбектің авторы.
Шығармалары:
- Луговое кормопроизводство, А., 1980;
- Рекомендации по системе удобрения сенокосов и пастбищ по зонам страны, М., 1984;
- Пойменные и лиманные луги Казахстана, А., 2002;
- Жаңа және аз тараған мал азықтық өсімдіктер, А., 2007;
- Мал азығын өндіруді интенсивтендірудің өзекті мәселелері, А., 2008.
Сыртқы сілтемелер
<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>