Қоғабай Сәрсекеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәрсекеев Қоғабай— '1939 жылдың 1 сәуірінде Қостанай облысының Жанкелдин ауданы, Торғай ауылында туған.

Ы. Алтыңсарин мектебінің түлегі. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген сон, республикалық "Қазақстан пионері", "Социалистік қазақстан", "Қазақ әдебиеті", "Кітап жаршысы"—"Друг читателя" газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактор, "Жалын" баспасының бас редакторы, республикалық "Қазақкітап" бірлестігінің бас редакторы, республикалық Кітап таратушылар қауымдастығының президенті қызметтерін атқарған. Қазір "Сақ" акционерлік коғамының президенті.

Aлғашқы әңгімелері 1950 жылдардың ортасынан бастап шыға бастады. "Кілт", "Қараша қаздар" деп аталатын әңгіме-повестер жинағы жетпісінші жылдардың басында жарық көрді. Халық батыры А.Иманов туралы романыныц алғашқы бөлігі 1979 жылы, жалғасы саналатын "Заманақыр" кітабы 1990 жылы "Жазушы" баспасынан, орыс тілінде "Смута" деген атпен "Жалын" баспасынан жарық көрді. "1937 жыл" дейтін әңгімесі 1998 жылы қазақ, орыс, агылшын тілдерінде жеке кітап болып шықты. "Жол устіндегі әңгіме", "ұлы устаз немесе Алаштың Ахметі — Ахмет Байтурсынов жайлы ой түйін", "Портреттер" деп аталатын әңгіме-эсселері менекі томдық таңдамалы жинағы (1999) жарық көрді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Қостанай, Торғай қалаларының Құрметті азаматы. Халықаралық ақпараттану академиясының, Халықаралық Еуразия академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының және Б.Майлин атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, Францияның алтын медалі мен Халықаралық ақпараттану акадехмиясы алтың медалінің иегері.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}