Қошқар Ата кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қошқар Ата кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылының маңында орналасқан шағын, бір бөлмелі күмбезді құрылыс. Ғимараттың аласалау шығыңқы бөлігіне сұпы қойылған. Ішкі жағы қос кірпішті қалау арқылы жасалған желкен тәрізденген қуыстармен безендірілген. Кейінгі уақытта Қошқар Ата кесенесі мен басқа ғимараттарды біртұтас композицияға айналдыру мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізілген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}