Қошым-Ноғай Байбота Серікбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қошым-Ноғай Байбота Серікбайұлы1954жылы мамырдың 8-і күні Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданына қарасты Бесарық ауылында туған. 1977 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

Өлендері, публицистикалық туындылары, ғылыми-танымдық мақалалары республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып, шығармалары жетпіске тарта көптеген ұжымдық жинақтарға енген. Ол көркем аударма саласында да жемісті еңбек етті. Алыс және жақын шет ел ақындарының өлендері мен ежелгі түркі поэзиясын тәржімелеуге белсене атсалысты. Балалар әдебиетімен арнайы шұғылданып, армян акыны Сильва Капутикянның "Маша сурет салады" (Алматы, "Жалын", 1983) және орыс ақыны Елена Благининаның "Шинельді неге сактап жүрсің?" (Алматы, "Жалын", 1985) атты кітаптарын қазақ тіліне аударды.

Ол 1978—1988 жылдар аралығында "Жалын" баспасында әуелі редактор, содан сон аға редактор болып қызмет атқарды. 1986 жылы өндірістен қол үзбей Мәскеу каласындағы Бүкілодақтык баспа қызметкерлері білімін жетілдіру институтының курсынан өтті. Бұдан кейін "Мәдениет және тұрмыс" (қазіргі "Парасат") журналында, "Ана тілі", "Қазақ Елі" газеттерінде бөлім редакторы, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерінде болды.

2001 жылғы шілденің 11-інен бүгінгі күнге дейін "Жазушы" баспасында жетекші редактор болып қызмет істеп келеді. Қошым-Ноғай Байбота Серікбайұлы "Жалын" және "Жазушы" баспаларынан жарық көрген жүздеген кітапты редакциялады. Олардың қатарында "Ертегі сыр шертеді" (қазақ ақындарының өлеңмен жазылған ертегілері), "Достар" (Орыс ақындары балалар поэзиясының антологиясы), "Көкқұтанның ұясы" (Украин ақындары балалар поэзиясының антологиясы), "Қырғыз қызғалдақтары" (Қырғыз ақындары балалар поэзиясының антологиясы), "Көңілді керуен" (Шетел акындары балалар поэзиясының антологиясы), "Жеті ғасыр жырлайды" (XIV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ акын-жырауларының шығармалары) атты екі томдык антология, Махамбеттің "Ереуіл атқа ер салмай" атты өлендер жинағы, Абай шығармаларының екі томдық толық жинағы, сондай-ақ белгілі қазақ акын-жазушыларының жыр жинақтары мен прозалық туындылары бар. Ол бірнеше рет "Жылдың үздік редакторы" атанды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}