Қотырот

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қотырот (Үлгі:Lang-la) – ұшқаттар тұқымдасына жататын шөптесін өсімдіктер туысы. Дүние жүзіне таралған 100-ге жуық түрі белгілі.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 30-80 см.
  • Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, қауырсын тілімді, сирек жағдайда бүтін болып келеді.
  • Гүлдері жұмыр гүлшоғырына бекіген, гүлсидамы ұзын. Тостағаншасы қос қабатты, күлтесінің қысқа түтігі бар.
  • Жемісі - тұқымша.
  • Шілде айынан бастап алғашқы үсік түскенге дейін гүлдей береді.
  • Жылу сүйгіш, құрғақшылыққа төзімді, бірақ суыққа төзімсіз.

Арамшөп ретінде егістікті зақымдайды.

Өсетін ортасы мен таралуы

Орта Азия мен Оңтүстік Еуропада, Кавказда, Сібір мен Қиыр Шығыста 30-ға жуық түрі құрғақ шалғындарда, қиыршықтасты тау баурайларында, сирек жағдайда ормандарда да кездеседі.

Шаруашылықтағы қолданысы

  • Қотыроттың барлық түрінен жақсы бал алынады.
  • Гүл шаруашылығында екі түрі қолданылады:
    • ірі көкшіл гүлдері бар көп жылдық кавказ қотырот (S.caucasica);
    • түсі әр түрлі барқыт гүлдері бар бір жылдық қара қошқыл қотырот (S.atropurpurea). <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

<references/>