Қос күш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қос күшқатты денеге әсер ететін, шамалары тең, бағыттары қарама-қарсы (P=–P), өзара параллель екі күштің жүйесі . Қос күш өзі түскен денені айналдыруға тырысады. Оның тең әсерлі күші болмайды. Қос күштің қатты денеге әсер ететін сызықтарының арақашықтығы оның иіні (l), ал Қос күштің денеге әсерін сипаттайтын векторлық физикалық шама Қос күштің моменті (М) деп аталады: M=[Рxl]. Қос күштің шамасы мен иінін өзгерткенде оның моменті (M) тұрақты болса, онда Қос күштің денеге әсері де тұрақты болады. Сондықтан Қос күштің моменті (M) еркін вектор болып есептеледі; оны дененің кез келген нүктесіне түсіруге болады. Бір денеге түсірілген, моменттері бірдей (M1=M2) екі Қос күш бір-біріне механикалық эквивалентті болып табылады. Кез келген жүйенің Қос күштерінің моменттерінің геометриялық (векторлық) қосындысы нөлге тең болса, ондай жүйе теңгерілген жүйе деп саналады.<ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы", VI-том</ref>

Тең әсерлі қос күш

Тең әсерлі қос күш –– берілген қос күштердің әсерін өзгертпей ауыстыруға болатын бір қос күш.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0</ref>

Пайдаланған әдебиет

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қос күш|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}