Қосүңгір

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қосүңгір (I, II) – ежелгі қоныстар орны.


  • Қосүңгір-1 Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы маңында орналасқан. 1948 – 49 ж. Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясының (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. Қазіргі уақытта биіктігі 2 м, диаметрі 21x18 м сопақша келген үйінді. Бұл жерден мәдени, экономикалық байланыстарды айғақтайтын саптаяқ, тостаған, көзе секілді бұйымдардың көптеген сынықтары табылған. Ғалымдардың топшылауынша, Қосүңгірді халық Қаңлы мемлекеті тұсында мекендеген. Ал
  • Қосүңгір-2 Оңтүстік Қазақстан облысы ,Отырар ауданы, Қараүңгір станциясынан солтүстік-батысқа қарай 6 км жерде болған. Бүгінгі күні ол биіктігі 2 м, диаметрі 40x27 м төмпешікке айналған. Археологиялық зерттеу жұмыстарының барысында алынған мәліметтерге қарағанда, б.з. бас кезінде Қосүңгірді халық мекен еткен. Олар егін егіп, мал өсірумен шұғылданған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}