Қосістек

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қосістек<ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы", VI-том</ref> – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы ауыл, өзімен аттас ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы – Батамша кентінен солтүстік-батысқа қарай 28 километр жерде, Қарғалы бөгеніне құятын Қосістек өзені бойында. Тұрғыны 1,5 мың адам (2003). Іргесі 1929 жылы бидай өсіретін “Авангард” ұжымшарының құрылуына байланысты қаланған. Оның негізінде 1996 жылдан шаруа қожалықтары және өзімен аттас ӨК құрылды.

Пайдаланған әдебиетттер</span>

<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала