Қосындылауыш

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қосындылауыш<ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы", VI-том</ref>(adder – сумматор) – компьютер процессорындағы арифметикалық қосу амалын орындайтын цифрлық сұлбалардың негізгі бөлігі. Қосындылауыш екілік сандармен жұмыс істейтін бір разрядты қосындылауыштар тізбегінен тұрады. Байланысу тәсілдеріне қарай бір разрядты қосындылауыштар тізбекті, параллель немесе тізбекті-параллель болып, ал жасалу принципіне байланысты комбинациялық, жинақтайтын және амплитудалық түрлерге бөлінеді. Қосындылауыштар қосу амалымен қатар, алу, көбейту, бөлу және логик. операцияларды да (логикалық қосу мен көбейту және 2 модулі бойынша қосу) орындайды.

Пайдаланған әдебиетттер</span>

<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала