Қосымша ұнтақтау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қосымша ұнтақтау — байыту процесінің алғашқы сатысына дейінгі ұнтақтау көбіне кендегі минералдардың толық ажырату дәрежесіне дейін жүргізілмейді. Себебі сепкілдігі ірі минерал түйіршіктері морттығына, жұмсақтығына байланысты шламға айналып кетеді. Сондықтан негізгі ұнтақтау белгілі мөлшерде жүргізіліп, бірінші байыту сатысына түсірілгеннен кейін, одан шыққан қалдық қосымша ұнтақталады.<ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/>